"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 149 ұсынысы негізінде Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысының Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округінің Т.Көмекбаев ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бурцеллез ауруына байланысты белгіленген шектеу іс- шаралары тоқтатылсын.
2. Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қазандағы "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" № 90 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6009 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Қ.Тайышоваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімі | Г. Акжигитов |