“2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 184 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қыркүйекте № 6422 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2тармағына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6104 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2018 жылғы 9 қаңтарда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №184 қаулысына қосымша
  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 262 қаулысына қосымша

2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

997

4

40

2

Қызылорда облысының білім басқармасының “Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

93

2

2

3

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№31 мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

4

4

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3

4

5

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

3

3

6

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№201 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

169

3

5

7

“Жалағаш аудандық білім бөлімінің Зейнолла Жарқынбаев атындағы №202 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

193

3

6

8

“Атамекен” шаруа қожалығы

80

2

2


БАРЛЫҒЫ:

1879


66


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады