Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.04.2020 № 55-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23тармағына және “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 15-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5957 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 19 қыркүйекте “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
“9) уәкілетті ұйым - “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөлімі;”;
8-тармағының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
“колледж және жалпы білім беретін мектепті бітіргеннен кейін “Бакалавр” академиялық дәрежесін алу үшін - жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;”;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“10. Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмекті алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады.”.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.