Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 294 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қаңтарда № 6644 болып тіркелді

      “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №294 қаулысына қосымша

Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

таза кіріс 3000000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін

150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін

4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады