Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 20 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қарашада № 6500 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Қаракеткен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаракеткен ауылдық округінің Қаракеткен ауылындағы Привокзальный көшесі "Иіркөл" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау “Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Е.Нурмахановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаракеткен ауылдық округінің әкімі Қ. Өлментай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады