"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Сырдария ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3. "Сырдария ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Д.Ахетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" ақпандағы №54 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ | Атауы |
1. | Тауарлар: |
1) | Мектептерге физика кабинеттерін сатып алу |
2. | Жұмыстар: |
1) | Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы "Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі" жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 39,3 шақырымында орналасқан көпірін күрделі жөндеу. |
2) | Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы "Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі" жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 33,9 шақырымында орналасқан көпірін күрделі жөндеу. |
3. | Көрсетілетін қызметтер: |
1) | "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердегі қызметкерлерді міндетті медициналық қарап тексеру қызметі (оның ішінде ақылы түрде міндетті медициналық қарап тексеруден өтпейтін әкімшілік шаруашылық қызметтің жұмыскерлерін қоспағанда) |