2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 61 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 6190 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 1 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. Сырдария ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 133 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5873 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 16 маусымда жарияланған):

      2) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы №133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6105 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 08 қаңтарда жарияланған).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Өтегенова

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 61 қаулысына 1-қосымша

2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 14.08.2018 № 252 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Арал" салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы" филиалы Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі

172

1

2

2

"Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

138

1

1

3

"Мағжан и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

1

1

4

"АҚЖАРМА и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

1

1

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №61 қаулысына 2-қосымша

2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 14.08.2018 № 252 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Құңдызды май" шаруа қожалығы

67

1

1

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 61 қаулысына 3-қосымша

2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 14.08.2018 № 252 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

1

1

2

Қызылорда облысының білім басқармасының "Сырдария аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорны

76

1

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады