"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
2. Сырдария ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 132 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5872 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 16 маусымда жарияланған);
2) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 тамыздағы № 175 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5936 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 30 тамызда жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "16" сәуірдегі № 119 қаулысына қосымша |
2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 746 | 4 | 4 |
2 | "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 51 | 2 | 2 |
3 | "МАДИ ҚАЖЫ атындағы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 206 | 3 | 2 |
4 | "Сырдария аудандық білім бөлімінің №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп – лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 226 | 3 | 2 |
5 | Сырдария аудандық білім бөлімінің "№ 126 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 72 | 2 | 2 |
6 | Сырдария аудандық білім бөлімінің "№ 35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 97 | 2 | 2 |
7 | Сырдария аудандық білім бөлімінің "№137 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 78 | 2 | 2 |
8 | "Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 174 | 3 | 2 |
9 | "Мағжан и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 349 | 3 | 2 |
10 | "Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қалжан Ахун ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 2 | 1 |