"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар осы қаулының 1, 2 және 3қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Шиелі аудан әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 1191 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5977 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 11 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Ә. Оразбекұлы |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "27" ақпандағы №126 қаулысына 1-қосымша |
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Жиделі топтық су құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 111 | 0,9 | 1 |
2 | "Волковгеология" акционерлік қоғамның филиалы №23 геологиялық барлау экспедициясы | 1024 | 0.2 | 2 |
3 | "Шиелі Энергосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 94 | 1,1 | 1 |
4 | "Гежуба Шиелі Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 380 | 0,2 | 1 |
5 | "Сауда-көлік копаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 467 | 0,2 | 1 |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "27" ақпандағы №126 қаулысына 2-қосымша |
2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
| "Шиелі-тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 52 | 1,9 | 1 |
2 | "Балауса" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 106 | 0,9 | 1 |
3 | "Шиелі Жолшы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 1 | 1 |
4 | "РУ-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 412 | 0.2 | 1 |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "27" ақпандағы №126 қаулысына 3-қосымша |
2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Қызылорда облысының білім басқармасының "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 110 | 0,9 | 1 |
2 | "Семізбай-U" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 0.5 | 1 |