Шиелі ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 29/15 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қазанда № 6466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 39/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 10.04.2019 № 39/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (әрі қарай - мамандар) отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау).

      2. Мамандарға әлеуметтік қолдауды тағайындауды “Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау алу үшін мамандар “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Шиелі аудандық бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 23-қосымшасымен бекітілген “Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Әлеуметтік қолдау мамандар қажетті құжаттардың топтамасын ұсынғаннан кейін тағайындалып, ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес төленеді.

      5. Шиелі аудандық мәслихатының “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы” Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 5/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5629 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 8 қарашада “Өскен өңір” газетінде, 2016 жылғы 28 қазанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия
төрағасы
Қ.Шәукебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады