Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 04.10.2018 № 29/15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. "Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 01 қазандағы № 44/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 қазандағы № 5182 тіркелген, 2015 жылғы 28 қазандағы "Өскен Өңір" газетінің № 83 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.