РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Х. Аманбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Аманғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Х. Аманбеков
"16" сәуір 2018 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" сәуірдегі № 65 қаулысымен бекітілген |
Маңғыстау облысы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі
1. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 79 "Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3024 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 27 сәуірде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
"4. Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары" бөлімінде реттік нөмері екінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы үшінші жолмен толықтырылсын:
"
3. | Мұнайлы ауданының есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларына жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары |
| Гкал/м² | 0,2016 |
";
4 тараудан кейін мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Аббревиатуралардың толық жазылуы:
кВт.сағ. – киловатт-сағат,
Гкал – гигакалория,
м2 – шаршы метр,
м3 – текше метр.".
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "16" сәуірдегі № 65 қаулысына 2 қосымша Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 217 қаулысымен бекітілген |
"Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.