Маңғыстау облысы Қарақия ауданының бірқатар елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/229 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 138 бірлескен қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 3647 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына және Қарақия аудандық мәслихаты және Қарақия ауданының әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтын Маңғыстау облысы Қарақия ауданының келесі елді мекендері таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:

      Құланды ауылдық округінің Төлеп елді мекені;

      Бостан ауылдық округінің Қызылсу, Бостанқұм елді мекендері.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы бірлескен қаулы және шешімнің (бұдан әрі – қаулы және шешім) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы С. Аманғалиев
      Сессия төрағасы Ж. Дәрменов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Трұмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады