Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.Қ. Қойжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Аманғалиев |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы " 06 " қыркүйектегі № 215 қаулысына 1 қосымша |
Жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1 - қосымшаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.01.2019 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| Жоғары білім мамандықтарының коды | Мамандықтардың атауы | 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыстарының саны (күндізгі бөлім) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Білім | |||
1 | 5В010500 | Дефектология | 28 |
2 | 5В010900 | Математика | 1 |
3 | 5В011000 | Физика | 1 |
4 | 5В011300 | Биология | 6 |
5 | 5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті | 1 |
2.Техникалық ғылымдар және технологиялар | |||
6 | 5В070200 | Автоматтандыру және басқару | 3 |
7 | 5В070300 | Ақпараттық жүйелер | 4 |
8 | 5В070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 1 |
9 | 5В071300 | Көлік, көліктік техника және технологиялар | 1 |
10 | 5В071800 | Электр энергетикасы | 2 |
11 | 5В071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | 1 |
3. Ауылшаруашылық ғылымдары | |||
12 | 5В080100 | Агрономия | 2 |
13 | 5В080200 | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы | 1 |
14 | 5В080300 | Аңшылықтану және аң шаруашылығы | 2 |
4. Қызмет көрстеу | |||
15 | 5В090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру | 7 |
16 | 5В090200 | Туризм | 1 |
17 | 5В090900 | Логистика (сала бойынша) | 8 |
18 | 5В091000 | Кітапхана ісі | 5 |
5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету | |||
19 | 5В130100 | Жалпы медицина | 63 |
6. Өнер | |||
20 | 5В040300 | Вокалдық өнер | 3 |
21 | 5В040900 | Хореография | 1 |
22 | 5В040700 | Актерлық өнер | 2 |
23 | 5В040600 | Режиссура | 2 |
7. Гуманитарлық ғылымдар | |||
24 | 5В020300 | Тарих | 2 |
8. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес | |||
25 | 5В050400 | Журналистика | 2 |
Барлығы | 150 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы " 06 " қыркүйектегі № 215 қаулысына 2 қосымша |
Жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Жоғары білім мамандықтарының коды | Мамандықтардың атауы | 2018-2019 оқу жылыны мемлекеттік білім беру тапсырыстарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес | |||
1 | 6M050600 | Экономика | 8 |
2 | 6M050700 | Менеджмент | 4 |
3 | 8 | ||
2. Жаратылыстану ғылымдары | |||
3 | 6M060100 | Математика | 8 |
3. Қызмет көрсету | |||
4 | 6M091100 | Геоэкология и табиғатты пайдалануды басқару | 5 |
Барлығы | 25 |