Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 215 "Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 3799 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 215 "Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3709 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:

      "1. Білім" бөлімінде:

      1 реттік нөмірлі жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

5В010500

Дефектология

28

      ";

      мынадай мазмұндағы 8 бөліммен толықтырылсын:

      "


8. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

25

5В050400

Журналистика

2

      ".

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Ә. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады