РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б.Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Овезовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Базылов_________________
"04" сәуір 2018 жыл
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "04" сәуірдегі № 190 қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы №667 "Барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу" туралы қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-2-177 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 қарашадағы "Жаңаөзен" газетінде жарияланған);
2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 4 шілдедегі №336 "Ауыл әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жай белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2267 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдеде "Жаңаөзен" газетінде жарияланған);
3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 4 шілдедегі №337 "Ауыл әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2268 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдеде "Жаңаөзен" газетінде жарияланған);
4. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №233 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" 21 қараша 2011 жылғы №667 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2615 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 27 ақпанда жарияланған);
5. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы №382 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы №667 "Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2638 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 19 наурызда жарияланған).