Барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 667 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 қарашада № 11-2-177 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.04.2018 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 - тармағына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары Жаңаөзен қаласы мен Теңге, Қызылсай ауылдарында 1 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй - жайлар 2 - қосымшаға сәйкес берілсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж. Айсабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

О. Сарбөпеев


      Келісілді:

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Б. Базылов

      21 қараша 2011 жыл

  2011 жылғы 21 қараша № 667
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына
1 - қосымша

      Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 28.01.2012 № 233(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Жаңаөзен қаласы

1) Маңғыстау көшесіндегі "Өркен" шағынауданының № 20 үйінің жанында орнатылған ақпараттық стенд;

2) Сәтпаев көшесіндегі қала әкімдігі ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;

3) Сәтпаев көшесіндегі "Шаңырақ" шағынауданындағы № 27 үйдің қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;

4) Қосқұлақов көшесіндегі "Самал" шағынауданындағы № 11/26 үйдің қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;

5) "Мұнайшы" мәдениет үйі ғимаратының алдында орнатылған ақпараттық стенд.

Теңге ауылы

Марабаев даңғылындағы "Болашақ" дүкенінің алдында орнатылған ақпараттық стенд.

Қызылсай ауылы

№ 4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд.

Рахат ауылы

№ 18 орта мектеп ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд.

  2011 жылғы 21 қараша № 667
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына
2 - қосымша

      Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 10.03.2015 № 382(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар


Жаңаөзен қаласы:

оқушылар шығармашылық үйі;

"Мұнайшы" мәдениет үйі;

"Арман" сауда үйінің мәжіліс залы;


Теңге ауылы:

"№ 17 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы;


Қызылсай ауылы:

"Жаңаөзен қаласының № 4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы;


Рахат ауылы:

"Жаңаөзен қаласы № 18 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады