Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 667 "Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 382 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 2638 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.04.2018 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 667 "Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-177 болып тіркелген, 2011 жылы 30 қарашадағы № 48 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу";

      көрсетілген қаулының № 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (Д.К. Есенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңаөзен қаласы әкімінің


міндетін атқарушы

Т. Көшмағанбетов


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Базылов Бақтығали

      10 наурыз 2015 жыл

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыз
№ 382 қаулысына қосымша

Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар


Жаңаөзен қаласы:

оқушылар шығармашылық үйі;

"Мұнайшы" мәдениет үйі;

"Арман" сауда үйінің мәжіліс залы;


Теңге ауылы:

"№ 17 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы;


Қызылсай ауылы:

"Жаңаөзен қаласының № 4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы;


Рахат ауылы:

"Жаңаөзен қаласы № 18 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады