Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 24/204 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 3681 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/453 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2298 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қазандағы № 40 "Рауан" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемелекеттік мекемесі табылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Қайранов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және

      азаматтық хал актілерін тіркеу

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Қ.Назарханов

      26 маусым 2018 жыл


      "Бейнеу аудандық экономика және

      қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Б.Әзірханов

      26 маусым 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады