Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 7/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №10-11-2853 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3464 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
3 тармақтың 8) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Бейнеу ауданының бөлімі;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Жұбанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |