Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы №17/113 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2298 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қазандағы №40 "Рауан" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы";
1 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жылына бір рет 12100 (он екі мың бір жүз) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Жұбанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |