Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 165-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 88-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "меценаттық қызметтен" деген сөздер "меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 124-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшаның үшінші абзацы және 2) тармақшаның төртінші абзацы "меценаттық қызметтен" деген сөздерден кейін "және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшаның жетінші абзацындағы "меценаттық қызметтен" деген сөздер "меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      182-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу;".

      3. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 71-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер";

      2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;";

      3) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер

      Көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беріледі.".

      4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 23-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;";

      2) 53-бапта:

      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі "9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер" деген сөздер "9) тармақшасында көзделген негіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармаққа орыс тілінде түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) 99-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді.

      Жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы:

      қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге;

      қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге;

      ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күнге);

      жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге;

      жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге;

      ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күнге;

      ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге беріледі.

      Әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша қабілетсіздік парағына өтініш жасаған кезде демалыс жиынтықтап есептеледі және босанғанға дейін өзі нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушіде жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

      Әйел босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша қабілетсіздік парағына өтініш жасаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген ұзақтықпен босанғаннан кейінгі демалыс қана беріледі.";

      4) 133-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары негіз болып табылады.".

      5. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      341-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:

      "52) жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.

      Осы тармақшаның ережесі жұмыскердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісіне қолданылады.".

      6. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 6, 28-құжат):

      14-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілікке және босануға байланысты ұзақтығы:

      қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күн);

      жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн;

      жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн демалысқа құқығы бар.".

      7. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2000 ж., № 20, 380-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):

      1) 2-баптың төртінші бөлігіндегі "ата-анасының қамқорлығынсыз қалған" деген сөздер "ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Күзетпен қамауға алу, бас бостандығынан айыру, психиатриялық мекемелерге жатқызу, арнайы қоныс аударуға жiберу түрiнде негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған немесе шектеулi бостандық жағдайларында (оның iшiнде "еңбек армиялары", "Ішкi iстер халық комиссариатының жұмысшы колонналары" деп аталатындарда) мәжбүрлеп еңбекке тартылған және осы Заңға сәйкес ақталған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында олармен бiрге отырған балаларға, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына не ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған балаларға олардың тұрғылықты жеріндегі әлеуметтiк қорғау органдары ақтау және көрсетілген орындарда болған уақыты туралы құжаттар негiзiнде бюджет қаражатынан көрсетілген орындарда болған әр айы үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған кезге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ айлық есептік көрсеткiштің 100 еселенген мөлшерінен артық емес ақшалай өтемақы төлейдi.".

      8. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағындағы "Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);" деген сөздер "Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi)." деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 31 және 32-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу.

      32. Ұлы Отан соғысы қатысушысының отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем.";

      3) 12-баптың 1-тармағындағы "науқастану парағы," деген сөздер "еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 14-баптың 5-тармағындағы "Жаңа кәсiптi меңгеру кезiнде (жаңа жұмысшыларды даярлау) бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтiк ставканың 100 процентi мөлшерiнде еңбекақы төленеді." деген сөздер "Жаңа кәсiптi меңгеру (жаңа жұмысшыларды даярлау) кезiнде бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтік мөлшерлемесінің 100 пайызы мөлшерiнде еңбекке ақы төленеді." деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):

      1-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.".

      10. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-II, 106-құжат; 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы – қайтыс болған айына қоса, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда кеткен айына қоса төленедi.";

      3) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер";

      4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Жәрдемақы құқығының сақталуы

      Жәрдемақы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын сақтап қалады.".

      11. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 22-II, 145-құжат):

      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      12. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 7-8, 22-құжат;):

      1) 1-баптың 1-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;";

      2) 2-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларды, жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын адамдарды, сондай-ақ екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, отбасының жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті мүшелеріне;";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.";

      3) 4-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігіндегі "уәкілетті органға" деген сөздер "халықты жұмыспен қамту орталығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацындағы "мониторинг кіреді." деген сөздер "мониторинг;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшартты ұзарту туралы ұсынымдар әзірлеу кіреді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт:

      1) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың мерзімін ұзарту қажет болған;

      2) әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңі аяқталған кезге еңбекке қабілетті адамдарға (отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне) қатысты қолданылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімдері аяқталмаған;

      3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін өзіне (өздеріне) байланысты емес себептер (екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік, жазатайым оқиға, дүлей зілзала) бойынша орындамаған;

      4) жеке қосалқы шаруашылықты және (немесе) дара кәсіпкерлік қызметті дамытудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қолдау қажет болған жағдайларда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.

      Әлеуметтік келісімшартты ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты негізінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымын ескере отырып, әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей қабылдайды.

      Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған кезде шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шарттары және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету шарттары өзгерген жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.";

      11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

      Шартты ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.";

      12-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайларда шартты ақшалай көмек мөлшері, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдарды және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесін қоспағанда, он сегіз жастан үлкен барлық отбасы мүшелеріне бір ай ішінде әлеуметтік келісімшарт қолданысының қалған кезеңіне елу пайызға қысқартылады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Міндеттемелердің орындалмағаны қайта анықталған кезде, кәмелетке толмаған балаларға, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесіне төлемнен басқа, шартты ақшалай көмек төлемі тоқтатылады.";

      4) 7-бапта:

      2-тармақтағы "уәкілетті органды" деген сөздер "халықты жұмыспен қамту орталығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.".

      13. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      34-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу;".

      14. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2015 ж., № 23-II, 170-құжат):

      8-баптың 3-тармағындағы "консультациялар – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада" деген сөздер "консультациялар – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 7-8, 22-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      6) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда айқындалған тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары;";

      "11) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік қатер жағдайы басталғанға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына өзіне әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;";

      мынадай мазмұндағы 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-4) инвестициялық декларация – Қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін объектілер тізбесін, шарттары мен шектеулерін, Қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;

      13-5) инвестициялық кіріс – Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;";

      16) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

      2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Әлеуметтiк төлемдер алу құқығы

      Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттарда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдер алу құқығына кепiлдiк бередi.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар әлеуметтік төлемдер алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.";

      3) 7-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет Қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қор активтерінің сақталуы:";

      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.";

      5) 8-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;";

      6) 10-бапта:

      1-тармақта:

      1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды Қорға беруге;";

      1-1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;";

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға және Қорға қажетті есептілікті ұсынуға;

      11) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге міндетті.";

      7) 10-1-бапта:

      1-тармақта:

      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өздері үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;";

      "3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыруды және жаңартып отыруды;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, графиктерін және әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді қалыптастыруды;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аударуды, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қамтамасыз етуді;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік корпорация:

      1) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды;

      2) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды;

      3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын;

      4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды есепке алу мен аудару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.";

      8) 12-бапта:

      1-тармақтың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;";

      2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет анық құжаттарды (мәліметтерді) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ұсынуға;";

      "3) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;";

      9) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "қате төленген әлеуметтік аударымдар", "өсімпұлдар" деген сөздер тиісінше "әлеуметтік аударымдардың", "өсімпұлдың артық (қате) төленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 14-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері:";

      11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

      1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.

      2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі мыналар болып табылады:

      өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.

      3. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

      Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.";

      12) 16-бапта:

      1 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей төлейдi.";

      "2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.";

      13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару

      Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушіге Мемлекеттік корпорацияның Қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.";

      14) 20-бапта:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қордың әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салулар жіберуі мүмкін. Бұл peттe әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бірақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы жазбаша нысанда өтiнiш берушiге хабар берілуге тиiс.

      5. Кейіннен өтiнiштер жасалған кезде әлеуметтік төлемдер осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.

      Қордың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.";

      6-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімі, он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) және немерелері әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау күніне жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспауға тиіс.";

      15) 22-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:

      1) он сегiз жасқа толмаған және, егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан үлкен балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар.

      Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада аталған, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған он сегіз жастан үлкен адамдардың оқуын бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, Қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.";

      16) 23-2-баптың 1-тармағы "жүргiзiлген" деген сөзден кейін ", балаға күтімді жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Қордың қызметi

      Қор өз қызметiн Қор активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.

      Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады.

      Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын, сондай-ақ инвестициялық кірісті есепке алуды жүргізу;

      2) әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алуды жүргізу;

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйені құру және дамыту.

      Осы Заңмен реттелмеген бөлікте Қордың қызметіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.";

      18) 29-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;";

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажет құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын мемлекеттік органдар және тиісті ұйымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы ақпаратты сұрату жолымен тексеруге;";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға қайтаруды қамтамасыз етуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы шешім қабылдауға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен және 6) тармақшадағы "беруге міндетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;

      5-2) әлеуметтік төлемдерді график бойынша жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландыруды жүргізуге;";

      "7) Қор активтерін есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оның санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық-техникалық қамтылым түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің иесі болуға;

      8) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталықтың иесі болуға;

      9) өзіне әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшін түскен әлеуметтік аударымдар сомалары және алушыларға төленетін әлеуметтік төлемдер сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      10) Қор өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтылымға үш жылда бір реттен сиретпей аудит жүргізуге міндетті.";

      19) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қор инвестициялық қызметтi Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларация және Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қор активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.";

      20) 31-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қор активтерi Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға бағытталған қаражатты шегере отырып, әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдардың төлеу мерзiмiн өткізіп алғаны үшiн өсiмпұл, инвестициялық кіріс, әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қорға түсетiн өзге де түсiмдер есебінен қалыптастырылады.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшiн өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ өзге де қате есепке жатқызылған қаражаттың сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.".

      16. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      2) 21-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсетуін қамтиды.

      Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек үшін, оған күтімді жүзеге асыратын адамға "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік қызметтер көрсетуін жылына алпыс сағатқа ұсынуды;".

      17. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақшаның бесінші абзацындағы "жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;" деген сөздер "жәрдемақы);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;";

      2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;";

      "10) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2) 4-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "жәрдемақы алуға құқығы бар." деген сөздер "жәрдемақы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны алуға бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын өзге жеке тұлғалардың да құқығы бар.";

      3) 5-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттармен қоса:

      осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 1)4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларға құқығы бар отбасының;

      осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыға құқығы бар адам күтімін жүзеге асыратын бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің тұрғылықты жеріндегі Мемлекеттік корпорацияға беріледі.

      Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы не бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

      Балаға мүгедектік бастапқыда белгіленген немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.

      Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.";

      "4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екендігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Ақпараттық жүйелер өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін белгіленген тәртіппен растаған кезде өтініш берушінің тиісті жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындалған күн деп есептеледі.";

      4) 6-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса – ол Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге жәрдемақылар тағайындалмайды.";

      5) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:

      "9-2-бап. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі өтініш жасаған күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады және төленеді.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.

      2. Отбасында екі және одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек тұрып жатқан жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

      3. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыру:

      1) күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруын;

      2) қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бір немесе бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке көмегін көздейді.

      4. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы:

      1) кәмелетке толмаған;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарға тағайындалмайды.";

      6) 10-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді, бұлар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш беруші бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерлеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабар бермеген жағдайда, жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды.";

      7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Жәрдемақылар төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру

      1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақылардың төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) баланың қайтыс болуы;

      2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;

      3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынуы;

      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.

      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақының төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оның заңды өкілінің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;

      2) жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтердің ұсынылуы;

      3) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;

      4) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;

      5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі;

      6) осы Заңның 9-2-бабының 4-тармағында көзделген фактілердің анықталуы.

      2. Жәрдемақыларды төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      Жәрдемақылардың артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда соттың шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      3. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар басталған кезде тоқтатыла тұрады:

      1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;

      2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.

      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Жәрдемақыларды төлеу жәрдемақылардың төленуін тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткен соң қайта басталады.

      4. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.".

      18. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      18-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:     

      "5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкiлдi органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі.".

      19. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат):

      31-баптың 1-тармағындағы "меценаттық қызметтен" деген сөздер "меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; № 9, 31-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "42-1) мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;";

      2) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау болып табылады.";

      3) 19-баптың 1-тармағы "бастауыш" деген сөздің алдынан "мектепке дейiнгi," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетін қабылдау қағидаларында белгiленедi.";

      5) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алты жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары ескеріле отырып, мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.";

      6) 52-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.";

      7) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне:

      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагог жұмыскерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;

      2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.".

      21. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 12, 36-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "жақсарту принциптеріне негізделеді." деген сөздер "жақсарту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) кемсітпеушілік қағидаттарына негізделеді.";

      2) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мыналарды:

      халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау қағидаларын;

      әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын;

      халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;";

      3) 10-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді;".

      22. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кадрлар есебінде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.

      Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органындағы қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметі өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді.

      Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін тағайындау, арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшін жеңілдікпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына есепке жатқызылуға тиіс.".

      23. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат):

      1) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әйел қызметкерлерге жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыстардың ұзақтығы, берілу мен ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.";

      2) 78-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға алушы қайтыс болған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

      Қызметкерлер қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алған қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақының тағайындалуына қарамастан, біржолғы жәрдемақылар: әйеліне (күйеуіне) – қайтыс болған күніне оған төленетін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне асыраушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің бір айлық мөлшерінде төленеді.

      Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелері қатарына: жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса немесе асыраушысы қайтыс болған күнге білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатса және жиырма үш жасқа толмаған болса, осы жастан үлкен балалары; қайтыс болғанның асырауында болған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-анасы кіреді.";

      3) 81-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көрсетілген ережелер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысушыларға қолданылады.".

      24. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының президенттік резерві – Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) айқындалған ерекше іріктеу тәртібінен өткен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тізімі;";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) уәкілетті лауазымды адам – Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;";

      2) 4-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының президенттік резерві

      1. Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының президенттік резерві Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының лауазымдарына орналасу үшін әскери қызметшілерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.

      2. Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.";

      3) 44-баптың 8-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.

      Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.";

      4) 50-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.

      Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.

      Осы тармақтың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.".

      25. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";

      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Еңбек өтілін растау

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезең үшін есепке алынады.

      2. Еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не соттың шешiмi негізінде белгіленеді.";

      3) 14-1-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

      4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш жасалған күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.";

      4) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.

      Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады.";

      5) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.";

      6) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара iс-қимыл жасауды;";

      7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу

      1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасалған күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.

      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінан уақтылы алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.";

      8) 25-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіпқой медиаторлар, дара кәсiпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын, әрбiр ай үшiн есептелетiн өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.";

      9) 34-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша Мемлекеттік корпорациямен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға;";

      10) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      11) 65-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай жабдықталымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      12) 66-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары қайта қарауға жатпайды.";

      13) 68-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай жабдықталым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады.

      Өтініш пен қажетті құжаттар тиісті мемлекеттiк органда тіркелген күн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен ерте емес жүзеге асырылады.";

      "3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен ерте емес жыл сайынғы индексациялар ескеріле отырып, тағайындалады (қайта басталады).";

      14) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.".

      26. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат):

      1) 1-баптың 19-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы абзацындағы "кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады." деген сөздер "кезеңдері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "9) бөгденің көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтiм жасаған уақыт;

      10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.";

      2) 3-баптың 1) тармақшасындағы "он жетiншi және он сегiзiншi" деген сөздер "он жетiншi, он сегiзiншi, он тоғызыншы және жиырмасыншы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 139-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

      4-2) кіші отанға қолдау көрсететін адам – кіші отанға қолдау көрсететін жеке тұлға;

      4-3) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;";

      5) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;";

      "9) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам;";

      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет қайырымдылықтың түрлері болып табылады.";

      3) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады.";

      4) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1-тарау. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі

      30-1-бап. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері

      Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

      2) кіші отанға қолдау көрсететін адамның кіші отанындағы ғылым, білім беру, мәдениет, өнер, спорт объектілері, аумақтар;

      3) кіші отанға қолдау көрсететін адамның кіші отанындағы өзге де объектілер.

      30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі

      Жеке тұлға өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің зияткерлік қызметінің нәтижелерін пайдалана отырып, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметпен айналысады.".

      28. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      33-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бес жүз он тоғызыншы және бес жүз жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "49) жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.

      Осы тармақшаның ережесі жұмыскердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісіне қолданылады.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағының 2) тармақшасын, 17-тармағын, 25-тармағының 6) және 9) тармақшаларын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 28-тармағын;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады