Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қырқүйектегі № 203 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қазанда № 3712 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 18.06.2020 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері ретінде сотталған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудан аумағындағы қоғамдық орындарда жүзеге асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы көшелер мен шағын аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалау, жол шаруашылығы саласындағы жергілікті жолдарды санитарлық тазалау және көгалдандыру саласындағы жасыл көшеттерді отырғызу және күту, көп жылдық екпелерді күту бойынша жұмыстар белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына, сондай-ақ Жетібай, Құрық, Мұнайшы, Сенек ауылдары және Бостан, Болашақ, Құланды, ауылдық округі әкімдеріне:

      қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталушының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй-коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандарында атқаруды ұйымдастырсын.

      3. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Абилов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Түркменбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Беков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады