Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/265 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 3769 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.03.2021 № 2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2 -3 тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №10-11-2858 ақпараттық хатының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1.Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі №52-53 "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      3 тармақтың 8) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Қарақия аудандық бөлімі.".

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Көшенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады