РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 62 "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3293 болып тіркелген, 2017 жылы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |