Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы " шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 16/177 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 мамырда № 3619 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16 сәуірде 2024 жылғы № 11/84 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 11/84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3176 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қараша "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      24 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "24. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5757 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес есептелсін.".

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Далжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Оразалиев Марат Амангелдіұлы

      "15" 05 2018жыл

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      "15" 05 2018жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады