Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы №9/113 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 16/182 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 маусымда № 3621 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 27/314 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 15.05.2019 № 27/314 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 9/113 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3422 болып тіркелген, 2017 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасында:

      19 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы мәліметтер, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.".

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Далжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-

      коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қалиев Адайбек Өтемісұлы

      "24" 05 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады