Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Отпан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 тамыздағы № 29 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 тамызда № 3704 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Отпан ауылдық округінің Тұщыбек елді мекені халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 21 сәуірдегі қорытындысының негізінде Отпан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекеніндегі атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің орталық көшесіне "Аңшы Нұр" есімі;

      2) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің шығысында орналасқан көшесіне "Сарықолқа" атауы;

      3) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің батысында орналасқан көшесіне "Қызылтаң" атауы;

      4) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлеріне арналып салынған тұрғын үйлер орналасқан көшесіне "Шипажай" атауы;

      5) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің тау етегінде орналасқан көшеге "Қайнар" атауы;

      6) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің Ақтау-Шетпе автомобиль жолының солтүстік жағында орналасқан көшесіне "Сартаған" атауы.

      2. "Отпан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман Р.Сармысова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отпан ауылдық округінің әкімі О.Кузембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады