Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Баутин ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 наурыздағы қорытындысының негізінде, Баутин ауылының әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аташ елді мекеніндегі Тау көшесі "Ақшабай Көпешов" атымен қайта аталсын.
2. "Баутин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Ж.Айтова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Д.Меңдіханов |