"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 39 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары және көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі | Өлшем бірлігі, гектар/тонна | Субсидиялардың нормалары, теңге |
1. | Сүрлемге арналған жүгері | гектар | 10 000 |
2. | Сүрлемге арналған күнбағыс | гектар | 10 000 |
3. | Қант қызылшасы (фабрикалық) | тонна | 6 000 |
Бір жылдық шөптер | |||
4. | Құмай жүгері | гектар | 8 000 |
5. | Судан шөбі | гектар | 9 000 |
6. | Құмай жүгері мен суданкодан шығарылған будан | гектар | 7 000 |
7. | Итқонақ | гектар | 7 000 |
8. | Егістік тары | гектар | 7 000 |
9. | Африкалық тары | гектар | 7 000 |
10. | Қонақтары | гектар | 7 000 |
11. | Пайза | гектар | 7 000 |
12. | Қышабас | гектар | 7 000 |
13. | Майлы шомыр | гектар | 7 000 |
14. | Сиыржоңышқа | гектар | 7 000 |
15. | Ноғатық | гектар | 7 000 |
16. | Люпин | гектар | 7 000 |
17. | Гүлтәжі | гектар | 7 000 |
18. | Мальва | гектар | 7 000 |
Көпжылдық шөптер | |||
19. | Еркекшөп | гектар | 7 000 |
20. | Мықын | гектар | 7 000 |
21. | Қияқ | гектар | 7 000 |
22. | Тамырсабақсыз бидайық | гектар | 7 000 |
23. | Бетеге | гектар | 7 000 |
24. | Үйбидайық | гектар | 7 000 |
25. | Жиматарғақ | гектар | 7 000 |
26. | Шабындық көдешөп | гектар | 7 000 |
27. | Көпжылдық қарабидай | гектар | 7 000 |
28. | Атқонақ | гектар | 7 000 |
29. | Жоңышқа | гектар | 8 000 |
30. | Эспарцет | гектар | 8 000 |
31. | Түйежоңышқа | гектар | 8 000 |
32. | Көктікені (галега) | гектар | 7 000 |
33. | Айыр пышан | гектар | 7 000 |
Майлы дақылдар | |||
34. | Күнбағыс | тонна | 11 000 |
35. | Рапс | тонна | 11 000 |
36. | Зығыр | тонна | 9 500 |
37. | Мақсары | тонна | 9 000 |
38. | Қыша | тонна | 9 000 |
39. | Арыш | тонна | 8 500 |
40. | Қытай бұршағы | тонна | 9 500 |