"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"
3. | Смирнов - Қарабалық - Смирнов (ауданішілік) |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төраймы | И. Дмитриева |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық ауданының әкімі
__________________ А. Алиев