Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылын Ахмет Байтұрсынұлы ауылы деп қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 5 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 253 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 7660 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жангелдин ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылы Ахмет Байтұрсынұлы ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық
мәслихаты сессиясының төрайымы
А. Даданова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады