Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 315 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 7980 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Су ресурстары

      комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Г. Оспанбекова

      2018 жылғы 4 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ О. Бекмағамбетов

      2018 жылғы 4 шілде

  Әкімдіктің
2018 жылғы 4 шілдедегі
№ 315 қаулысына
қосымша

Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитариялық қорғау аймағының көлемі

I белдеу

II белдеу

III белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

Су тарту ұңғымалары № 7607,
№ 7607-1

Ұзындығы – 150 метр
Ені – 100 метр

1,5 гектар

Ұзындығы – 812 метр
Ені – 762 метр

61,87 гектар

Радиусы – 1904 метр

1138,32 гектар

      Ескерту: санитариялық қорғау аймағының шекарасы "Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймақтарының жобасы" картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады