Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 8144 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 510-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес және Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 21.11.2023 № 65 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 21.11.2023 № 65 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________________ А. Аманов

  Мәслихатының
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 306 шешіміне қосымша

Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 21.11.2023 № 65 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

Аймақ нөмірі

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайызы

1

1

50

2

2

45

3

3

40

4

4

35

5

5

30

6

6

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады