"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 52 "Тіркелген бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6664 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 8 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы |
В. Лощинин |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Байгужин |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің Қостанай
облысы Мемлекеттік кірістер
департаментінің Рудный қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ Е. Ермухамедов