Әкімнің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қарашада № 8089 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-192 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 қарашада "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Лисаков қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Исмағұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Лисаков аумақтық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      ______________ В. Сычева

  Әкімнің
2018 жылғы 12 қазандағы
№ 1 шешіміне қосымша
  Әкімнің
2011 жылғы 15 қарашадағы
№ 5 шешіміне қосымша

Президент, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезінде Лисаков қаласында, Октябрь кентінде, Красногор ауылында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

      № 111 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, үйлер: 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 7-шағын аудан, үйлер: 4, 7, 8, 9, 48, 11-шағын аудан, үйлер: 17, 18, 19.

      № 112 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 53, 11-шағын аудан, үйлер: 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 29.

      № 113 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, үйлер: 12, 13, 15, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 6а шағын аудан, үйлер: 3, 5, 6, 8.

      № 114 сайлау учаскесi

      Октябрь кентiнiң шекараларында: Абай, Алматы, Буденный, Горький 26-99, Набережный, Степной, Тобольский, Уральский, Целинный көшелерi.

      № 115 сайлау учаскесi

      Красногор ауылының шекараларында.

      № 116 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 1-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 26, өнеркәсiп аймағы, үйлер: 1, 2, 3.

      № 117 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 1-шағын аудан, үйлер: 8,16а, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 47, 48, 49, 50, 52, 53, 54, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 67, 69, 70, 71, 6а шағын аудан, үйлер: 1, 2.

      № 118 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 2-шағын аудан, үйлер: 14, 15, 17, 18, 21, 22, 26, 27.

      № 119 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 2-шағын аудан, үйлер: 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10.

      № 120 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 3-шағын аудан, үйлер: 15, 16, 17, 18, 19, 20, 4-шағын аудан, үйлер: 9, 12, 13, 24, 34, 37.

      № 121 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 3-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 21, 22.

      № 122 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 4-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 4, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 30, шағын аудандар: 12, 13, 13а, 14, 15, 23, 24.

      № 123 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 5-шағын аудан, үйлер: 4, 6, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 28а.

      № 124 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 5-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 5, 7, 8, 9, 4-шағын аудан, үйлер: 5, 6, 7, 8.

      № 125 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 4-шағын аудан, үйлер: 10, 11, 14, 35, 36.

      № 126 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: "Больничный городок" шағын ауданы.

      № 127 сайлау учаскесi

      Октябрь кентiнiң шекараларында: Горный, Горький 1-25, Жастар, Омаров көшелерi, Майлин, Спортивный, Дудин тұйық көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады