Лисаков қаласы Октябрь кентінің құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті әкімінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 тамызда № 8011 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Октябрь кенті халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде, Октябрь кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лисаков қаласы Октябрь кентінің Комсомольский көшесі Жастар көшесіне қайта аталсын.

      2. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Лисаков қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Камелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады