"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 190 "Алтынсарин аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілірді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде "Таза бұлақ Чистый родник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Оразбаева |
Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Есмұханов |