"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы 2018 жылғы 29 мамырдағы № 01-20/87 ұсынысы негізінде Докучаев ауылдық округi әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округіндегі Шокай ауылындағы ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Докучаев ауылдық округi әкімінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 1 "Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Шокай ауылына шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7362 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алтынсарин ауданы Докучаев округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімінің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Докучаев ауылдық округінің әкімі | Б. Есетаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Алтынсарин ауданы
әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттiк
мекемесiнің басшысы
____________ А. Ергалиев
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Алтынсарин аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
_____________ Б. Бекбосынов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
Қоғамдык денсаулық сақтау
департаментінің Алтынсарин
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесiнiң басшысы
_____________ А. Әуезбеков