Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің 12.07.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 қазандағы № 68 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Докучаев ауылдық округi әкiмiнің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Шокай ауылы аумағында ірі кара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қолдану ұсынылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Есетаев |