"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 143 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6519 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Т. Карбозов |