Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 7815 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ орыс тілінде жана редакцияда, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 07.06.2021 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Өтегенов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 47 қаулысына қосымша

Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін

150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін

4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады