Әкімдіктің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 "Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 109 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 маусымда № 22989 болып тіркелді

      Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      орыс тіліндегі 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Т. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады