"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауылының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиекөл ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) Степная көшесін Қуаныш Шамшиев көшесіне;
2) Больничная көшесін Салық Молдахметов көшесіне;
3) Зеленые ряды көшесін Медет Досымханов көшесіне;
2. "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауылының әкімі | Д. Тлемисов |