"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 157 "Әулиекөл ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7475 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д. Қойшыбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Әулиекөл ауданы
әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ А. Бекмурзин
КЕЛІСІЛДІ
"Әулиекөл ауданы
әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Б. Исмайлов