"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 218 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5519 тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Ысмағұл |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Нургазин |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________________ Д. Әмірханұлы