Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 218 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 5519 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы №168 "Жангелдин ауданында бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-9-118 тіркелген, 2010 жылғы 2 сәуірде "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы
Т. Нүретденұлы
      Жангелдин ауданының
мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

  Мәслихаттың
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 218 шешіміне қосымша

Жангелдин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

Айына бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады