Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 172 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 7812 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 31.05.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Жангелдин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2014 жылғы 28 ақпандағы № 155 "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) 2017 жылғы 18 мамырдағы № 101 "Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 155 "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7092 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ордабаев
      Жангелдин аудандық
мәслихат хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      Жангелдин ауданы Ахмет

      Байтұрсынұлы ауылының әкімі

      ________________ С. Оразбаев

  Мәслихаттың
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 172 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының (бұдан әрі – Ахмет Байтұрсынұлы ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ахмет Байтұрсынұлы ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ахмет Байтұрсынұлы ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі шақырады.

      Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ахмет Байтұрсынұлы ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ахмет Байтұрсынұлы ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 172 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады