Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 68 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 7917 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі, 5-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

5

Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Ахмет Байтұрсынұлы ауылының клубы жанындағы тақта.

      ".

      2. "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудан әкімі Ш. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жангелдин аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________ С. Бидашев

      2018 жылғы 25 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады