Жітіқара ауданы Пригородное ауылының құрамдас бөліктеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 шілдеде № 7928 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданы Пригородное ауылы халқының пiкiрiн ескере отырып, 2017 жылғы 16 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Пригородное ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Пригородное ауылының көшелері атаулары қайта аталсын:

      1) "Павлик Морозов" көшесін "Бейбітшілік" көшесіне;

      2) "21 Партсъезда" көшесін "Жақсы" көшесіне.

      2. "Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Пригородный ауылы әкімі Ж. Идильбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады